СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

950 дене шынықтыру мұғалімі тегін біліктілік арттыру курсынан өтіп жатыр

2021 жылдың 20 қыркүйегі мен 10 желтоқсаны аралығында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігі мен тәжірибесін жетілдіру курстары өтуде.

Бүгінге дейін Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарының ұстаздары курсқа қатысып үлгерді.

Жыл соңына дейін Алматы мен Шымкент қалалары, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстарының дене шынықтыру мұғалімдері қамтылады.

Айта кетейік, курстар мемлекеттік және орыс тілінде алдын ала берілген өтінімдер негізінде ұйымдастырылуда. Қазақ тілінде – 525, орыс тілінде – 425 мұғалім өтінім берген. Белгіленген мерзімде барлығы 950 дене шынықтыру мұғалімі курстан өтеді деп жоспарланған.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы алдағы уақытта да мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін арттыруға бағытталған курстарды өткізетін болады.

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.