СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕ

ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕ "СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАЛАРЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ – ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУДЫҢ КЕШЕНДІ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ" БАҒДАРЛАМАЛЫҚ-НЫСАНАЛЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы» РМҚК 2020 жылдың желтоқсан айында бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсы шеңберінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғылыми-техникалық «Білім және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері» бағдарламасы бойынша қолдау тапты.

«ҰҒПДТО» РМҚК зерттеу тақырыбы – «Спорт түрлері бойынша Қазақстан құрама командалары мүшелерінің, спортшы оқушылардың денсаулығын нығайтудың кешенді технологиясын әзірлеу». Ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру 2021-2022 жылдарға есептелген.

Зерттеу тобының жетекшісі медицина ғылымдарының докторы, профессор Э.К. Мухамеджанов. Зерттеу тобының құрамына педагогика және биология ғылымдарының докторлары, медицина, биология және педагогика ғылымдарының кандидаттары, екі Phd докторы және педагогика ғылымдарының магистрі кіреді.

Ғылыми жобаның мақсаты глюкозаның гомеостазын қолдау үшін мамандандырылған өнімді әзірлеу және оның спорт түрлері бойынша Қазақстан құрама командаларына мүше мектеп оқушылары-спортшылардың денсаулық жағдайы мен жұмысқа қабілеттілігіне әсерін бағалау болып табылады.

Зерттеру жұмысының міндеттері:

  • Теңдестірілген тамақтану теориясына талдау жүргізу;
  • Фазалық тамақтану принципін негіздеу және мамандандырылған өнімді әзірлеу қажеттілігі;
  • Мектеп оқушыларының-спортшылардың денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігіне мамандандырылған өнімнің әсерін бағалау.

Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру қорытындылары бойынша 2021 жылы мынадай жұмыстар атқарылды:

  • Теңгерімді тамақтану мәселелері және ағзаның функционалдық жағдайын бағалау қағидаттары бойынша 60-тан астам көздер зерттелді;
  • Экзогендік және эндогендік тамақ ағындарын пайдалану кезінде ақуыздар, майлар мен көмірсулар алмасуы арасындағы байланыс моделі ұсынылған;
  • Модель негізінде мамандандырылған тамақ өнімінің рецептурасы ұсынылды (2014 жылғы 22 қаңтардағы №2496119 Англия патенті);
  • Оқушы-спортшылардың денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігіне өнімді қабылдаудың әсерін алдын ала сынау жүргізілді (грек-рим күресі);
  • Гранттың тақырыбы бойынша жарияланған: бір Scopus мақаласы, РҒДИ екі мақаласы берілген және басып шығаруға қабылданған: бір Scopus мақаласы. Жариялауға дайындалған Scopus мақаласы;
  • Патент рецептурасы бойынша "Тор Energy" мамандандырылған өнімін дайындау рецептурасы әзірленді;
  • Метаболикалық синдромы бар науқастарды оңалту қағидаттарына Ресей Федерациясының патенті алынды (2021 жылғы 23 маусымдағы № 27500188).
  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.