СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Барша ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі» орталығы РМҚК Бас директорының міндетін атқарушы С.К. Садықов барша ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтайды!

Қадірлі ұстаздар!

Сіздерді жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтілетін кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Жастардың болашағын айқындайтын, болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастыратын ол – ұстаздар қауымы! «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деп ұлы Абай атамыз айтқандай, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде Сіздердің еңбектеріңіз зор.

Кешегі пандемия кезінде мектептердің бәрі қашықтан оқытуға көшкенде баланы тәрбиелеу мен оған білім беруде мұғалімнің маңызы қаншалықты зор екеніне баршаның көзі жеткені анық. Осы кезеңде туындаған кейбір қиындықтарға қарамастан, ұстаздарымыз өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заман талабына сай міндеттерін абыроймен атқарып шықты. Сондықтан да біз шәкірттердің санасына білім нәрін құйып жүрген барша ұстаздарды әрдайым мақтан тұтамыз.

Мерейлеріңіз әрдайым үстем болып, шығармашылық ізденістеріңіз бен ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін!

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.