СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған 3 модуль бойынша оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін үйрету

Мейрханова Зухра Дузбаевна - Алматы қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ филиалының менеджер-әдіскері, "Назарбаев Зияткерлік мектебінің" ДББҰ дене шынықтыру мұғалімі. Педагогика және психология ғылымының магистрі, педагог-зерттеуші. Дене шынықтыру пәні бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының тренері, Деңгейлік білім беру бағдарламасы бойынша Кембридж университетінен халықаралық деңгейде ресертификатталған тренер, дене шынықтыру пәні бойынша жаңартылған білім беру тренерлері ұйымының мүшесі.

Зухра Дузбаевна - мұғалімдердің кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған 3 модуль бойынша оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін үйретуде:

Нормативтік-құқықтық модулі бойынша:

  1. "Дене шынықтыру және спорт туралы" ҚР Заңы; "Педагог мәртебесі туралы"ҚР Заңы;
  2. Дене шынықтыру пәні бойынша МЖМБС, пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасы.

Дене шынықтыруды оқытудың заманауи технологиялары модулі бойынша:

  1. Білім беру және тәрбиелеу жүйесіндегі дене шынықтырудан күтілетін нәтижелер, мақсаттары мен міндеттері;
  2. Мектептегі дене шынықтыруды гуманистік ұйымдастырудың заманауи педагогикалық технологиялары;
  3. Дене шынықтыруды жоспарлаудың жаңа тәсілдері мен стратегиялары (ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді, SMART мақсаттары);
  4. Дене шынықтыру сабағындағы рефлексия, қалыптастырушы, критериалды бағалау.

Сандық құзыреттілік модулі бойынша:

  1. Дене шынықтыру сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
  2. ҚБТ ұйымдастыруға арналған құралдар;
  3. Бейнематериалдарды өңдеу әдістемесі және оларды презентацияларға қолдану.

Зухра Дузбаевнаның адал еңбегінен ұстаздарымыз сапалы білім алатынына кәміл сенеміз!

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.