СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Қымбатты ұстаздар мен шәкірттер, ата-аналар!

ҚР БҒМ “Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы” РМҚК бас директорының міндетін атқарушы Садықов Сағдат Кәбірұлының Білім күніне орай құттықтауы

Қымбатты ұстаздар мен шәкірттер, ата-аналар!

Сіздерді Білім күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа оқу жылы білім беру саласы үшін айтулы жаңалықтар мен табысқа толы болсын!

Оқушыларымыздың білім көкжиегі кең, танымы мен тәрбиесі терең болғай!

Дене тәрбиесі мұғалімдері үшін алдағы оқу жылы білімі мен біліктілігін арттырып, жоғары жетістіктер көрсететін айрықша жыл болады деп сенемін. Біршама уақыттан кейін мектеп қабырғасына оралған оқушылардың қозғалыс белсенділігін қалыпты жағдайға жеткізу - сіздердің қолдарыңызда!

Деннің саулығы білім беру үдерісіндегі маңызды фактор болғандықтан, жас өрендерді спорттық іс-шараларға тарту арқылы салауатты өмір салтына баулиды деп сенім артып отырмыз! Бұған дейін атқарылған елеулі қызметті еселейтін сәт келді!

Баршаңызға сәттілік!

Всем удачи!

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.