СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Абишев Асылхан Рахимжанұлын мерейлі 70 жасымен құттықтаймыз

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Абишев Асылхан Рахимжанұлын мерейлі 70 жасымен құттықтайды.

Абишев Асылхан Рахимжанұлы 1951 жылдың 22 қыркүйегінде Жамбыл облысы, Қордай ауданында дүниеге келген. Асылхан Рахимжанұлы 2008 жылдың ақпан айынан Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Алматы қаласы филиалының «Ұйымдастыру-талдау жұмысының» басшысы, 2018 жылдан «Ғылыми-зерттеу зертханасында» жетекші ғылыми қызметкері болып жұмыс атқарып келеді. Ол биология ғылымдарының кандидаты, Петровка академиясының академигі.

Өз ісіне берілген, кәсіби шеберлігі мол, әділдігі мен адамгершілігі қатар жүретін Сізді білікті маман, ақжүрек азамат ретінде құрмет тұтамыз!

Бойыңызға мұқалмас жігер, қайтпас қажыр, еңбегіңізге таусылмас табыстар, отбасыңызға ортаймас бақ -ырыс тілейміз!

Мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.