СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

«Дене шынықтыру және спорт» пәні бойынша оқушылар олимпиадасы өз мәресіне жетті

«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» РМҚК ұйымдастыруымен өткізілген «Дене шынықтыру және спорт» пәні бойынша оқушылар олимпиадасы өз мәресіне жетті!

Ғылым мен білімді спортпен бірге ұштастырып, білімнің биік шыңдарын бағындыруға келген алғашқы олимпиада жеңімпаздары анықталды.

Командалық есепте:

1 орын – Жамбыл облысы;

2 орын – Нұр-Сұлтан қаласы;

3 орын – Павлодар облысы.

Марапаттау рәсіміне - Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Карамбаев Жомарт Петрович, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» РМҚК бас директорының міндетін атқарушы Садықов Сағдат Кәбірұлы, «QAZAQ Customs Partner» ЖШС директоры Жусанбаева Динара Октябровна, Кенжетаев Нариман Берікұлы «Бұқаралық спорт» бөлімінің басшысы қатысты.

Тұғыры биік еліміздің ертеңі - білімді де талантты ұрпақ қолында. Бүгінгі олимпиадада көз жасына ерік берген оқушылар мен ұстаздардың қуанышы – осының дәлелі секілді.

Олимпиадаға оқушыларды дайындаған ұстаздарға да диплом мен сертификат табысталды.

Сондай-ақ, жеңімпаз командаларға бағалы сыйлықтармен демеушілік көрсеткен «QAZAQ Customs Partner» ЖШС директоры Жусанбаева Динара Октябровнаға алғыс білдіреміз.

Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.