«Физкульт сәт!»
«Физкульт сәт!» / «Остановись, физкульт-мгновение»
Республикалық фотосуреттер байқауының қорытындысы
Педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту, озық педагогикалық тәжірибені насихаттау және білім алушылардың дене шынықтыру сабақтарына деген оң көзқарасын қалыптастыру мақсатында 2026 жылғы 4-30 мамыр аралығында «Физкульт сәт!» республикалық фотосуреттер байқауы (бұдан әрі – Байқау) өткізілді.
Байқауға Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлерінен 37 қатысушы қатысты. Қазылар алқасының қарауына дене шынықтырудың, спорттың және салауатты өмір салтының маңызын айқындайтын фотосурет жұмыстар ұсынылды.
Іріктеу қорытындысы бойынша Байқау талаптарына сәйкес келген 35 фотосурет келесі кезеңге – онлайн дауыс беруге жолданды.
Онлайн дауыс беру нәтижелері негізінде жеңімпаздар анықталды:
- Кәсіби тану: Байқау тақырыбын керемет көркемдік бейнелегені үшін. «Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы» РМҚК бас директорының арнайы марапаты.
«Байқаудың үздік кадры» номинациясы - Жабаев Қалижан Әбдікәрімұлы;
- I орын – Малахова Ильмира Владиленовна;
- II орын – Дьячкова Людмила Юрьевна;
- III орын – Цибулько Олеся Александровна, Сентірбекова Гүлвира Жәнібекқызы.
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар дипломдармен марапатталды. Дипломдарды мына сілтеме арқылы жүктеп алуға болады: drive.google.com
Сондай-ақ байқауға белсенді қатысқан барлық педагогтерге дипломдар табысталды. Дипломдарды мына сілтеме арқылы жүктеп алуға болады: drive.google.com
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда мына электрондық пошта мекенжайына хабарласуға болады: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Ұйымдастырушылар байқауға қызығушылық танытып, шығармашылық белсенділік көрсеткен барлық қатысушыларға алғыс білдіреді.
Байқаудың ұйымдастыру комитеті
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің
«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

